$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әлемде саяси шиеленіс өршіп, адамзат арасындағы араздық күшейіп келеді-Президент

AstanaTV
10.10.2018ж. 20:00
5422
Әлемде саяси шиеленіс өршіп, адамзат арасындағы араздық күшейіп келеді-Президент
Радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыратын білім мен ғылым. Ал, қазір әлемде 750 миллион адам әріп танымайды. Білім мен ғылым таппай жоқшылықты еңсеру мүмкін емес. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Мемлекет басшысы бейбітшілік идеяларын ілгерілету үшін жаңа технологияларды пайдалануды ұсынды. Ол үшін ақпараттық портал құру болжанып отыр. Портал жаһандық форматта діндар адамдар аудиториясымен жұмыс істейтін алаң болмақ. Бұл ұсыныстар, пікірлер талқыланып, сұраққа жауап алатын алаңға айналуы тиіс. Құрылтайдан Ақерке Бектас.  
Бүгін ислам, христиан, будда және 40-тан аса мемлекеттің дін өкілдері Бейбітшілік пен келісім сарайында бас қосты. Бұл жолғы басты миссия - сенімнің жаһандық дағдарысын еңсеру. Съезде сөз сөйлеген Елбасы әлемдегі саяси шиеленістің өршіп, адамзат арасындағы араздықтың күшейіп келе жатқанын баса айтты. Дамыған елдер өрге басу үшін ортақ жоба емес, бір-бірін қырып-жоятын қару жасап жарысуда,-деді Президент.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мы уже 18 лет живем в третьем тысячелетии, но мир, благополучие и достаток так и не стали основной тенденцией развития человечества. Мировое сообщество не смогло выбраться из зловещего круга взаимного недоверия, неприязни и конфликтности. Мы видим, что положение не только не выправилось, оно ухудшилось между странами и политическими блоками, возводятся новые стены, железные занавесы.
«Астананы бар өркениет үшін ашық қала етіп салдық» деген Президент жер жүзін татулыққа шақыруда Астана рөлін атап өтті. Оған Сирия мәселесіне қатысты маңызды әрі басты шешімдердің қабылдануы дәлел.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мы постоянно работаем над решением проблемы Восточной Украины. При конфликте России и Турции Казахстан вмешался, чтобы наладить эти отношения. Мы готовы и дальше работать в этом направлении. Казахстан будет и впредь прилагать максимальные усилия по решению вопросов, связанных с региональной и глобальной безопасностью.
Бұл жолы дінбасылар бейбітшілік пен жасампаздықты жаһандық деңгейге көтеру үшін жиналып отыр. Биыл дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін берілетін Съездің бірінші сыйлығын Елбасы Ватикан Папасының кеңесіне табыстады. Ал, форумның арнайы қонағы атанған Сербия Президенті діни көшбасшылар съезін болашаққа бағдар берер алаң деп бағалады.
Александр ВУЧИЧ, СЕРБИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаев, сіздің 2003 жылы әлемнің болашағы мен жетістіктері діни көзқараста баяндалатын дәстүрлі форум құру жөніндегі бастамаңыз ауқымды әрі келешекке дұрыс көзқарас қалыптастырып, айқын бер алуға бағытталды.
Қазір жер шары халқының 14 пайызы аштықтың азабын тартып, жұмыссыздар саны 190 миллионнан асты. Бұл радикализмнің өріс алуына негіз. Өзекті мәселе-осы халықтың әлеуетін арттырып, дінаралық татулықты қалыптастыру. Президент бұл бағытта бейбіт бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

А. Бектас