Қытайдың
Сычуань провинциясында болған 7 баллдық зілзаладан кемі 20 адам қаза тапты.
Табиғати апат құрбандарының саны бұдан да артуы мүмкін. Өйткені зардап
шеккендер саны көп.
400-ден
аса адам жарақат алса, оның 20 шақтысы хәл үстінде жатыр. Жергілікті ақпарат
құралдары осындай хабар таратты. Қаза тапқандардың ішінде 6 турист бар. Олардың
дені Канада мен Франциядан келгендер. Үйінділер астында қалған саяхатшылар көп
болуы мүмкін. Қазір іздеу, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 2 мың рет
қайталанған жер сілкінісі аймақты ойрандатып кеткен. Туристерді қоспағанда,
провинцияның 80 миллион тұрғыны бар. Қазақстанмен шекаралас жатқан аймақтағы
зілзала күші 4 баллмен Алматыға да жеткен еді.