Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарағандыда қарттарды алдаған алаяқ ұсталды

AstanaTV
12.10.2018ж. 20:00
2806
Қарағандыда қарттарды алдаған алаяқ ұсталды

Қарағандыда жалғыз ілікті қарттарды сувенир ақшамен алдаған алаяқ ұсталды. Ол зейнеткерлердің қолына жалған ақшаны ұстатып, орнына шын ақша алып кетіп отырған. Полицейлер жаздан бері 14 қарияны алдап соққан адамды енді ғана қолға түсірді. Алаяқ жуықта ғана 77 жастағы қарияның 2 мың евросын олжалап кеткен соң қамалды. Полицияның мәліметінше, оның құрбандары әдетте балалары шет ел асқан жалғыз басты мүгедектер екен. Күдікті оларды көршілерімен әңгімелесіп, таңдап алған. Сөйтіп шет елдегі баласынан ақша әкелгенін айтып, кесек ақшаны ұсақтап беруді сұрайды. Алайда, қариялардың қолына 100, 500 еуролық сувенирлерді ұстатып кетіп отырған. Осылайша, зейнеткерлерге 2 млн теңгеден астам шығын келтірген. Жасы 61-дегі алаяқ бұған дейін 26 жыл түрмеде отырған.  

Баграм БАЙСЕЙІТОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ОҢТҮСТІК ШЫҒЫС ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ: 

Күдікті сувенир ақшаларды айырбастату арқылы қарттардың шын ақшаларын алып кетіп отырған. Көздері нашар зейнеткерлер жалған қағаз алғандарын ол кеткен соң ғана білген. Бұл қылмысы үшін оның бостандығы шектелуі немесе 2 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

А. Қуаш