Еліміздің кітапханаларындағы 36 мыңнан астам кітап цифрлы форматқа көшірілген. Бұл отандық кітап қорының небәрі 0,05 пайызы. Барлығы 71 миллионнан астам. Мәдениет нысандарын цифрландыру мәселесі бүгін Шымкент шаһарында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында талқыға түсті. Жиынға қатысушылар қазіргі заңнама базасы кітаптарды электрондық форматқа өткізу барысын жеделдетуге мүмкіндік бермейтіндігіне тоқталды. Осыған байланысты мәдениет және спорт министрлігі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынып отыр. Сонымен қатар, жиналғандар Жолдауда айтылған үш ауысымдық мектептер мәселесін көтерді.
Бекболат ТІЛЕУХАН, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «МИРАС» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Халық тығыз орналасқандықтан да, өткен жолы Жолдауда өздеріңіз көрдіңіздер кейбір жерлерде ойластырылмай салынған мектептердің босап қалып жатқаны. Бұл жерге тығыз жерге әсіресе айрфықша қажеттілігін ескерген кезде осы мәселеге байланысты біздің Мирас кеңесінің тарапынан айтылатын оңтүстік аймақтағы тұлғалардың өзіндік ұсыныстары болды. Оның бәрі міндетті түрде ескеріледі.
Сапар барысында республикалық қоғамдық кеңес мүшелері өлкедегі бірқатар мәдени ошақтарды аралады. Мәртебелі меймандар салт-дәстүр орталығының жұмысымен танысты. Тәуелсіздік саябағына барып, ағаш отырғызды. «Нұр Отандықтар» шымкенттегі «Отырар» ғылыми кітапханасында болды. Онда 390 мыңнан астам кітап бар. Соның бес жүзге жуығы электроныды форматқа көшірілген. Жергілікті ақын- жазушылардың елуге тарта туындысы мобильдік QR-кітапхана жүйесіне енгізілген.
З. Санай