Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Евроодақ пен Британия Brexit-ке келісімге келді-БАҚ

AstanaTV
15.10.2018ж. 20:00
2942
Евроодақ пен Британия Brexit-ке келісімге келді-БАҚ

Евроодақ пен Британия Brexit жөнінде келісімге келді. Сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасаған Politico-ның хабарлауынша, бұл Ұлыбританияның Брекситтен жайлы шығуы үшін жасалған алғашқы қадам. Келісім жасалды деген ақпарат кеше пайда болды. Ұлыбританияның Брекситтен шығу жөніндегі департаменті Brexit жөніндегі министр Доминик Раабтың Брюссельге жоспардан тыс іссапарға аттанғанын хабарлады. Алайда, Еурокомиссия мұндай атышулы мәлімдеме жасауға ерте екенін хабарлады. 14 қазанда Еуропа елдерінің 27 елшісі кездескен. Оларға келісімнен шығудың жолдары ұсынылмақ. Бірақ, келісім бойынша әлі де келіссөздер жалғасады. Егер, елшілер мақұлдаса, Еуроодақтың 27 Сыртқы істер министріне жолданады. Олардың отырысы ертеңге жоспарланған. Айта кетейік, Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шығуды келер жылдың наурызына жоспарлап отыр.