Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан «Союз» құлаған жерді тексеріп жатыр

AstanaTV
16.10.2018ж. 20:00
2160
Қазақстан «Союз» құлаған жерді тексеріп жатыр

«Союз»-дың апатқа ұшырауынан жерге 22 тонна керосин төгілді. Ғарыш кемесінің құлауына қатысты талдау жұмыстары екі аптадан соң белгілі болады. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі минстрінің орынбасары Марат Нұрғожин мәлімдеді. Вице-министр «Союз М-10» құлау аймағындағы радиациялық жағдайдың тұрақты екенін атап өтті. Биыл Байқоңырдан тағы үш зымыран ұшуы тиіс-тін. Бірақ, соңғы апат салдары анықталғанша «Роскосмосқа» тиым салынды. Ал, халықаралық ғарыш станциясында қазір үш ғарышкер бар. Олар осы жолы, жерге қайтуды жоспарлаған. Нұрғожин мұндай ақау «Союз» кемесінде соңғы 43 жылда бірінші рет тіркелгенін айтты. Еске салайық, 11-қазанда Байқоңырдан ұшқан зымыран тасығыш апатты жағдайда қайта қонған. Оның қалдықтары Жезқазған мен Ұлытау даласынан табылды.  

Марат НҰРҒОЖИН, ҚР ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Ол жерде сайғақтардың аралы бар. Керосоин 90 пайызы аспанда жанып кетті. Жерге түскені 22 тонна. Соны қазір зерттеп жатырмыз. Бірақ, керосин сайгактарға әсер етпейді. Бірақ, әлі дайын емеспін айтуға. Бір, екі демалыста анализ дайын болғанда айта аламыз.

М. Дюсекина