$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада мұғалімдер тапшы

AstanaTV
10.08.2017ж. 20:00
4008
Астанада мұғалімдер тапшы

Астанада мұғалімдер тапшы. Қазір 250 жұмыс орны бос тұр. Әсіресе бастауыш сынып ұстаздарына сұраныс көп. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ануар Жанғозин хабарлады. Мұғалімдер тапшылығын жою үшін, әкімдік еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырмақ. Ол 12 тамыз күні сағат 10-да  Астанадағы Оқушылар сарайында өткізілетін болады.

Әнуар Жанғозин, Астана қ. білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Біз қазіргі уақытта колледж студенттерін дуалды оқыту аясында жұмысқа тарту көздеп отырмыз. Және де жоғары оқу орындарының түлектерімен және аймақтардағы жоғарғы оқу орындарының түлектерін жұмысқа алуға дайынбыз.