$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанаға газ тартуға зейнетақы қорынан қаражат алынады

AstanaTV
16.10.2018ж. 20:00
2898
Астанаға газ тартуға зейнетақы қорынан қаражат алынады

Астанаға газ тарту үшін зейнетақы қорынан 85 млрд теңге алынады. Бүгін Үкіметте «Сарыарқа» жобасына қаржы ақыры қайдан келетіні айтылды. Әлбетте, ұзақмерзімді қаражат көзі ретінде зейнетақы қорынан ақша тарту шешілген. Бас қалаға көгілдір отын келесі жылдың соңында келуі тиіс. Сондай ақ, үкіметте Ұлттық банк төрағасы «7-20-25»-ке қатысты есеп берді. Данияр Ақышев 120 мың айлықпен оп-оңай үй алуға болады,- дейді. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.      

Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана. «Сарыарқа» жобасының бірінші кезеңі. Яғни, оңтүстіктен солтүстікке газ тарту. Құны 267,3 млрд теңге. Бұған да зейнатақы қорынан ақша алынбақ. Тұрғындардың жанды жері. Десе де, елде ұзақмерзімді басқа қаржы көзі жоқ. Отандық банктер инфрақұрылымдық жобаларға ірі көлемде қарызға ақша беруге қауқарсыз. Өздері екі күннің бірінде Ұлттық банкке алақан жайып, көмек сұрайды. Астанаға газ тарту үшін 2010-жылы арнайы құрылған компанияның капиталды қайдан алатыны бүгін айтылды. 

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

«Астана газ КМГ» АҚ жарғылық капиталының 102 млрд сомасы банктердің қаражаты. 85 млрд зейнетақы қорының активтерін инвестициялау.

Газ тартумен қатар, жұмыс орындарын ашу да маңызды. «Бес бастаманың» бір тармағы бизнеске шағын несие беру. Биыл оған 62 млрд қаралған. Оның 45 млрды- ауылға, 17 млрд-ы қалаға. 14 мың адамды қамту көзделеді. Жыл басынан бері 38,4 млрд игерілген. Кенже қалған облыстар Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Астана қаласы (31%). Шетінен ақталуға көшкен әкімдерді Сағынтаев сап тыйды. 

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:  

Игеруге келгенде екі жұмыс орынын ашу проблема. Енді алып тастап бір адамға бере беріңдер дейсіз. Тұра тұрыңыз, тұра тұрыңыз. Асықпаңыз. Бар жұмыс ақша игерімен шектеледі. Жұмыс орыны ашылмаса, онда жылдың басында айту керек еді. Бір адамға бір кредит бер деп. Бәрімізге сын. Үкіметке де, әкімдіктерге де, «Атамекенге» де.

Сол «Бес бастаманың» халыққа жаққан тұсы «7-20-25» болатын. Бағдарлама іске қосылғалы 28 млрдқа ипотека рәсімдеген. Яғни, соңғы екі айда. Ақышев «7-20-25»-ке ілігу үшін қанша жалақы алу керегін де айтып берді.   

Данияр АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ: 

Мысалы, құны 10 лме теңге пәтер сатып алу үшін, 2 млн теңге жана қажет. Ай сайынғы төлем 57 мың төлем. Тиісінше, азамттың ай сайынғы кірісі 120 мың болуға тиіс. Кредит бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауы тіис деген ереже бар.  

Бірақ, бас банкирдің сөзімен журналистер келіспейді. Өңірлерде 120 мың айлық алатындар аз. Ал, Астана мен Алматыда 10 млнға пәтер жоқ. Онда әркім көрпесіне қарай көсілу керек деді,-Ақышев.   

Данияр АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ: 

Я привел пример 10млн тенге. Жилье может стоит дешевде. Сотвественно будет меньше стоитмость и обслужиавание кредита. Поэтому гражданом надо исходить из своих собственныйх возможностей.  

Қарша бораған сұрақтарға жауап беруге тырысқанмен, Астанаға анада-санда ат басын бұратын Ақышевты журналистер қимай шығарып салды.  

М. Дюсекина