Қостанай облысында аудандық ішкі істер бөліміне шабуыл жасалды. Куәгерлердің айтуынша, түн ортасында белгісіз біреулер Меңдіқара ауданы Боровской кентіндегі полиция ғимаратына оқ атқан көрінеді. Облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері бұл ақпаратты растап отыр. Бірақ, нақты қарулы шабуыл жөнінде мардымды жауап берген жоқ. Бір анығы шабуыл кезінде ішкі істер бөлімінің ғимаратында болған қызметкерлер зардап шекпеген. Оқиға орнына облыстық ішкі істер департаментінің жедел-тергеу тобы аттаныпты. Арнайы топтың жинаған материалы негізінде аудандық бөлім ғимаратына жасалған шабуылдың жай-жапсары анықталмақ.
Ирина БЕЖИНАРЬ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Оқиға Меңдіғара ауданы Боровской кентінде болған. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі сәтте бізге белгілісі осы ғана.
З. Санай