Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шығыс Қазақстанда аюлар көбейді

AstanaTV
17.10.2018ж. 20:00
3454
Шығыс Қазақстанда аюлар көбейді

Аюлар Шығыс Қазақстан облысындағы елді-мекендерге келуді жиілетті. Облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының дерегінше, оларды ешкім бақыламайды. Мамандар енді аймақтағы маймақтарды санап шығу керек деп отыр. Соңғы жылдары бұл іспен ешкім айналыспаған. Аймақта жылына 75-80 аюды атуға берілген лимит те ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз қалған. Заң бойынша маңайдағы тұрғындардың мазасын алып, мал-жанға тиіскенде ғана аулауға рұқсат етіледі екен. Басқа кезде атып, аулауға тыйым салынған.  

Василий ТКАЧЕНКО, ШҚО ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Аюлар жыл санап көбейіп барады. Сондықтан, олардың санын нақтылау керек. Өйткені, аю қазан айында ініне кіріп, ұйқыға кетеді де, көктемде бір-ақ шығады. Жыртқыштардың малды үркітіп, омартаның ойранын шығарып, ауылдағылардың үрейін алғанын осы кезде ғана көреміз. 

Е. Карин