Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Келесі жылы жалақы 9 пайызға өседі

AstanaTV
18.10.2018ж. 20:00
1558
Келесі жылы жалақы 9 пайызға өседі

Келесі жылы орташа жалақы 9,1 пайызға өседі. Сонда инфлицияны шегергенде тұрғындардың таза табысы 4,6 пайызға ұлғаймақ. Қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай дейді. Жолдауды орындау үшін ең төмегі жалақыны көтеруге үш жылдық бюджеттен 288 млрд теңге қаралған. Оның 85 млрд-ы азаматтық сала қызметкерілінің айлығын өсіруге бөлінбек. Биылғы жолдауда Президент ең төменгі күнкөріс көлемін 28 мыңнан 42 мыңға дейін көбейтуді және дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер мен әскерилердің айлығына 20 пайыз қосуды тапсырды.  

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысы жолдауда айтқан тапсырмаларды орындауға бюджеттен 1,8 трлн теңге бөлінеді. Оның ішінде 1,2 триллион Үкіметтен. Ал, Республикалық бюджеттен үш жылға 966 миллиард қаралған.  

Жолдауда бизнеске амнистия жариялау тапсырылды. Нақтырақ айтсақ, жылдар бойы салық төлемегендер айыппұлдан құтылады. Бүгінде шағын және орта бизнесте 90 мың субъект бюджетке 294 млрд теңге берешек. Оның 111 млрд-ы өсімпұл және 5,8 млрд-ы айыппұл. Енді негізгі борышы өтелсе, айыппұлы автоматты түрде кешіріледі.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:  

Шағын және орта бизнеске қатысты және олардың 1 қазанған дейінгі деректер бойынша. Қазір тиісті заңға өзгеріс қарастырып жатырмыз. Списание келесі жылдың басынан келесі жылдың аяғына дейін жүргізіледі.

М. Дюсекина