$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада «Sulpak»-тың жаңа желісі ашылды

AstanaTV
18.10.2018ж. 20:00
4292
Астанада «Sulpak»-тың жаңа желісі ашылды

Тұрмыстық тауар сататын «Sulpak» компаниясы Қазақстанда 111-ші дүкенін ашты. Компания ашқан бұл дүкен көлемі жағынан Астанадағы ең үлкен тауарлар желісі. Жаңа дүкенде жаңа үлгідегі қандай тұрмыстық техника, нендей жеңілдіктер барын тілшіміз біліп келді.  

Бүгін «Sulpak» компаниясы үшін өте маңызды. Таңның атысымен жұмыскерлер тізіле тұрып, басшыларының «Іске кірістік» деген бұйрығын күтті. Сағат тура 10:00-де «Sulpak» желісінің Астанадағы 10-шы дүкені есігін айқара ашты. Дәстүр бойынша дүкеннің салтанатты түрде лентасы қиылды. Компания өкілдері алдағы төрт күн бойы келген қонақтарға жеңілдіктермен шашу шашатынын мәлімдеді. 

Жеңіс ОРАЛОВ, «SULPAK» КОМПАНИЯСЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІ БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕР ДИРЕКТОРЫ:  

Бізде барлық тауарларға жеңілдік бар. Бағалары да тиімді. Жақсы жеңілдіктеріміздің бірі-кепілдік деп аталады. Бұл дүкенде тауарлар қала бойынша ең арзан баға екеніне сенімдімін. Егер, бұдан арзан техника көріп дәлелдесеңіз, біз 20 пайыз жеңілдік жасаймыз. Сондықтан, біз ұсынған бағаларымыз жақсы екендігін білеміз.

Дүкеннің ашылуын күткен кісі қарасы көп болды. Олар жеңілдіктерден құр қалмауға асық. Мұнда 4 күн бойы барлық тұрмыстық заттар арзан бағамен сатылады. Пайызсыз несие қарастырылған. Ал, дүкеннің аумағы 1500 шаршы метр, онда 70 адам қызмет етеді. Тұрғындар бұл ауданда осындай дүкен бұрын -соңды болмағанын айтады. 

Зәйкүл ТАКУБАЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді менің ұнатқаным анау 130 мыңның кір машинасы, қазір аламын рассрочкаға. Былай жақсы.

Заман өзгерген сайын технологиялар да жаңаратыны сөзсіз. Сондықтан, жаңашылдықты бренд еткен «Sulpak» компаниясын бүгінде нарық жақсы біледі. Компания басшылары бұл бизнесте біз үшін ең маңызды капитал-ол халық. Сондықтан, оларға ең соңғы үлгідегі қондырғыларды жеткізу-міндетіміз деп санайды. 

Юсуп АКИЛОВ, «SULPAK» ЖЕЛІЛЕР ДҮКЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Біздің компания сатып алушылар үшін күн сайын түрлі жеңілдіктер жасап тұрады. Дүкенде барлығына назар аударады. Сервистен бастап, қызмет көрсету барлығы дерлік жоғарғы деңгейде болуы керек. Тағы бір ерекшелігіміз біз әр клиенттің пікірімен санасамыз.

Жаңа дүкеннің ашылу салтанаты эстрада жұлдыздарның ән шашуымен жалғасты. Сондай-ақ, алғашқы тұтынушылар арасында ұтыс ойнатылды.  

У. Қабылтайұлы