$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Құс тұмауы: Ресей құс фабрикаларының өніміне шектеу ұзартылды

AstanaTV
18.10.2018ж. 20:00
2912
Құс тұмауы: Ресей құс фабрикаларының өніміне шектеу ұзартылды

Құс тұмауы тіркелген Ресейден тірі құс пен құс өнімдерін әкелуге шектеу ұзартылды. Ауыл шаруашылығы министрілінің Ветеринарлық бақылау комитеті осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко мәлімдеді. Еске сала кетсек, маусым айында Ресейдің 36 құс фабрикасының өнімін әкелуге тыйым салынған еді. 

Максим БОЖКО, ҚР ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Биыл жазда Ресейдің бірқатар өңірінде құс тұмауы шықты. Оған негізінен вирус тасымалдайтын жабайы құстардың миграциясы әсер етті. Ресейдегі құс тұмауы жабайы құстарда ғана емес, өнімдерін халыққа таратып, біздің елге экспорттайтын өнеркәсіптік құс фабрикаларында тіркелді. Сондықтан, қазан айында министрлік Ветеринарлық бақылау комитеті құс тұмауы тіркелген Ресейдің бірқатар құс фабрикаларынан өнім әкелуге шектеуді ұзартты.  

13 қазан күні Қырғызстан Қазақстанның Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының құс еті мен жұмыртқасын кіргізуге уақытша тыйым салған болатын. Оған себеп: құс тұмауы мен Ньюкасл дертінің қаупі. Дегенмен, толық жүргізілген тексерістерден кейін ешқандай қауіп жоқ екені анықталып, бүгін Қырғыз елі тиымды алып тастады.  

Ә. Өмірзақ