9 айда Астана әуежайында жолаушылар легі 9,2 пайызға артты. Осы аралықта 3 жарым миллион адамға қызмет көрсетілген. Жолаушылардың 2 миллионнан астамы ел ішінде қатынаған. 1 жарым миллионға жуығы халықаралық рейстерге мінген. Ұшып кеткендер мен ұшып келгендер саны шамалас. 1 миллион 700 мыңнан асады. Астана әуежайы мемлекет иелегінде. Ол елдегі Алматыдан кейінгі екінші ірі халықаралық әуежай.
Г. Меңдеева