$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада Жолдау түсіндірілді

AstanaTV
19.10.2018ж. 20:00
3343
Астанада Жолдау түсіндірілді

Жолдауға қолдау. Бүгін Астанадағы сауда орталықтарының бірінде Президент Жолдауын халыққа түсіндіруге бағытталған жиын өтті. Онда Жолдауда айтылған халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы бастама түсіндірілді. Пікір алмасу коворкинг залда еркін форматта өтті. Жиылған қауымның жалақының көтерілуіне, баспанамен қамтамасыз етуге байланысты сұрақтары көп болды.  

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Елбасы Жолдауында халықтың күнкөріс деңгейіне баса назар аударылды. Келер жылдың 1-нен бастап ең төменгі жалақы көлемі артатынын естідіңіздер. Нақтырақ айтсақ, қазір 28 мың теңге болса, бұл 42 мыңға дейін өседі деген сөз. Мемлекеттік қызметкерлерде құр қалмайды. Жалақылары 30 пайызға өседі. Жалақылардың көтеруіне жылына барлығы 86 млрд. теңге қажет.

Ермек АМАНШАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

5-жыл ішінде біз 37 мектеп құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Биыл 4 мекеме тапсырылады. Келер жылы тағы 14 мектеп қолдануға беріледі. Жаңа мектептерді салу жобасы да жаңаша жүргізіледі. Енді 1200 оқушыға емес, 2500-3000 оқушыға арнап мектеп салуды көздеп отырмыз. Бұл Астана қаласындағы барлық оқушыларды мектеп парталарына отырғызуға мүмкіндік береді.

У. Қабылтайұлы