Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Н.Назарбаев әлемді саяси дағдарыстан құтқаруға диологын құру үшін Астана алаңын ұсынды

AstanaTV
19.10.2018ж. 20:00
2207
Н.Назарбаев әлемді саяси дағдарыстан құтқаруға диологын құру үшін Астана алаңын ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев әлемді саяси дағдарыстан құтқару диологын құру үшін Астана алаңын ұсынды. Жаһандық саясатта өзара текетірес өршіп тұр. Санкциялар соғысының ушыққаны сонша, әлем Кариб дағдарысымен пара-пар жағдайға жетті. Брюссельде өтіп жатқан «Азия-Еуропа» саммиті кезінде Нұрсұлтан Назарбаев осылай,-деді. Қазақстан Президенті форум алаңын күрмеуі қиын күрделі мәселелерді шешуге пайдалану қажет деп отыр. Қазір алып державалар арасында диолог жетіспейді. Саммит АҚШ, Ресей, Қытай мен Еуроодақты ортақ мәмлеге келуге шақыру қажет деп санайды. Назарбаев Сирия мен Украина, басқа да елдердегі проблемаларға бей-жай қарау, бұдан бетер қиындықтарға әкелетінін айтты. Және жаһандық экономиканың әлсіреуі кедей елдерге қиынға соғып жатқанын жеткізді.  

М. Дюсекина