Елдегі туризмді дамыту үшін алдағы жылдары қазынадан 300 млрд-қа жуық қаражат қажет. Бұл туралы бағдарламаны дайындаған жұмыс тобының үйлестірушісі Еркебұлан Хасенов мәлімдеді. Жоба бүгін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында таныстырылды. Енді мемлекеттік бағдарлама аясында елдегі ең танымал 10 туристік бағыт дамитын болады. Ол Бурабай, Алакөл, Түркістан, Астана, Балқаш, Имантау бағыттары. Осы секілді туристік аймақтарды жандандыру үшін Мәдениет және спорт министрлігі өңірлердегі инфрақұрылымды дамытпақ. Бұдан бөлек, әуе және теміржол билеттерін субсидиялау жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде демалыс аймақтарына баратын жол ақысының бағасын арзандатады. Сондай-ақ, шетелдік әуе компаниялар біздің нарыққа кіре бастайды.
Қарлығаш АЛТАЕВА, «АТАМЕКЕН» ҰКП ТУРИЗМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұл программа қазіргі таңда мемлекеттік органдармен талқылануда. Бірінші қарашада Үкіметтің қаралуына енгізіледі. Сосын Президентпен бекітіледі. Арнайы приференциялар осы ұлттық, приоритеттік туризмнің объектілеріне арналған.
А. Бектас