$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Үміткерлер бөлінген грант нәтижесімен келіспей отыр

AstanaTV
14.08.2017ж. 20:00
4299
Үміткерлер бөлінген грант нәтижесімен келіспей отыр

Дау тудырған мемлекеттік грант. Тегін оқуға жолдама ала алмаған талапкерлер мен ата-аналары наразылық білдірді. Бүгін олар министрлікке барып, жағдайды түсіндіруді талап етті. Айтуларынша, ауылдық квота әділ шешім шығаруға кедергі келтірген. Тараптарды тыңдап келген тілшіміз Диана Сапарқызының материалында.

Білім министрлігі ғимаратының алдына наразы топ таң атқаннан жиналған. Даудың басы - гранттың үлеспей қалуы. Тегін медициналық білім алуға үміттенген жас талапкер Сакимбай Абдулла Астанадағы Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектепті биыл бітірген. Қыруар ақшасын жұмсап, білімін шыңдаған. Нәтижесінде 120 балл жинапты. Бірақ жеңілдікпен түскен талапкер алдымды орап кетті, дейді. Енді жыл сайын 850 мың теңге төлеуге мәжбүр.

Сакимбай Абдулла, талапкер:

Олар 4 балалы анадан шыққан, біреу инвалид әкесі немесе соғысқа барып келген. Олар беймарал жүреді. Анық айтқанда, өйткені олар да грант бар, квота бар дейді, оқымаймын дейді. Келеді олар. Олар ҰБТға барады 120 баллдың 140-тың 87-67 -ін жинайды да, ал біздің жағдайымыз не болады?!  Біз оқимыз. 120 балл аламыз. Бірақ ертең грантқа түсе алмай қаламыз.

Ал Гауһар Бостанбаеваның сіңілісі грант тізімі шыққаннан кейін жүрегі ауырып, жансақтау бөліміне түскен. Шымкенттегі сіңілісі кешенді тестілеуден 94 ұпай жинап, тегін оқитынына сенімді болған. Өзгелердің 35 балл жинап, квотаға түскені - әділетсіздік, дейді.

Гауһар Бостанбаева, талапкердің апасы:

Міне әкем соның кесірінен қазір больницада жатыр. Шешемнің жүрегі ауырып жатыр. Мен кеше міне самолетпен Астанаға ұшып келіп отырмын. Астана еш нәрсені шешіп бере алмайды. Біз ойладық, мына Астанаға келсек, бір нәрсе өзгеретін шығар деп. Өзгермеді. Міне айтып отыр: жоқ біз шешіп бере алмаймыз. Газет өзгере ма жоқ, ал неге онда заявление жаздырады, мен түсінбеймін?!

Биылғы білім гранттарын бөлу кезінде жеңілдік беретін ауыл квоталары мен басқа да жеңілдік категорияларына басымдық берілген. Заңға сәйкес, Алтын белгі иегерлеріне  гранттары беріледі. Ал бұл қатарға жатпайтын, бірақ жоғары балл жинаған түлектер мен олардың ата-аналары шу шығарған соң Білім министрлігі тізімді қайта қарап, гранттың санын 1487-ге көбейткендерін мәлімдеді.

Гүлзат Көбенова, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:

Сіз байқасаңыз, бөлек тізіммен бұл тізім газеттің соңында жарияланып отыр. Нәтижесінде гранттар тізімі 3,5 пайызға немесе 1487 грантқа ұлғайып отыр. Бұл Алтын белгі иегерлерінің негізінен деңгейі жоғары екендігінің тағы да бір көрсеткіші. Алайда Алтын белгі иегерлері грантсыз қалдырылмайды.

Ал министрлік алдында наразылық білдірген талапкерлер мен ата-аналарға ведомство өкілдері тестілеу орталығына баруға кеңес берді. Ал ақылы оқуға түсе алмайтындарға 10 пайыздық несиемен білім алуды ұсынды.

Жақсымбет Ғалымбет, «Қаржы орталығы» АҚ басқарма менеджері:

Сіздер банкке барасыздар, білім беру кредитін алғым келеді дейсіздер. Ол жаңағы 10 пайыз болса, 10 пайыздық мөлшерлемесін аласыздар да, оны бірінші оқып аласыз. Ол банк бірден университеттің атына ақша аударады. Яғни қолма қол ақша бұл жерде ала алмайсыздар.

Диана Сапарқызы, тілші:

Елде білім беру несиелері бағдарламасы бар. Талапкер грантқа түсе алмаған жағдайда мемлекеттің қолдауымен минималды пайызбен талапкерге несие беріледі.  Кез-келген жоғарғы оқу орнына түсем деушілерге 10-20 пайызға дейін жеңілдікпен несие беріледі.