Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

2 жасар бала жылқы етінен жасалған халал шұжықтан уланып өлуі мүмкін

AstanaTV
22.10.2018ж. 20:00
3953
2 жасар бала жылқы етінен жасалған халал шұжықтан уланып өлуі мүмкін

2 жасар бала жылқы етінен жасалған халал колбасадан уланып өлуі мүмкін. Бұл туралы Бурабай ауданды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі мәлімдеді. Өйткені, мамандар Үрүмқай ауылындағы дастархан басында болған адамдардан да улану белгілерін анықтаған. Олардың арасындағы екі бала Көкшетаудағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Отбасы жылқы етінен жасалған, жартылай ысталған шұжықты Щучинскідегі сауда орталықтарының бірінен сатып алған. Екі жасар бала сол күні ауруханаға түсіп, екі күннен соң қайтыс болады.    

Cералы ЖОЛДОСПАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Шұжықты сатып алған адамдар оның атауын білмейді. Тек жылқы етінен жасалған, халал, жартылай ысталған шұжық екендері естерінде қалған. Сондықтан, дүкендегі осындай шұжықтардан сынама алып, оны сату тоқтаттық. Ал, нақты диагноз тек сынама қорытындысы шыққан соң ғана белгілі болады.

Г. Меңдеева