$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астаналық тұрғын бір айда 106 рет жедел жәрдем қызметін шақырған

AstanaTV
22.10.2018ж. 20:00
2743
Астаналық тұрғын бір айда 106 рет жедел жәрдем қызметін шақырған

Астаналық тұрғын бір ай ішінде 106 рет жедел жәрдем шақырған. 86 жастағы қария бір ай ішінде күніне 3 рет дәрігерлерді мазалаған. Бұл туралы қалалық жедел жәрдем қызметінің өкілдері хабарлайды. Бұдан былай олар 103-ке жиі жүгінетін науқастарды тіркелген емханаларға тапсырмақ. Науқас көмекке зәру болса, тиісті дәрігерді тікелей емханадан шақыра алады. Бас қалада күн сайын 103 желісіне екі жарым мыңнан астам қоңырау түседі. Оның мың жарымына жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетеді. 

Бота СӘДЕТХАН, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ» БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Нақты сол науқас әже болды. Бір айда санағанда 106 рет шақырды. Әр күн сайын не есімнен танып жатыр дейді. Не жүрегі ауырып жатыр дейді. Ал, шын мәнінде, енді ол созылмалы ауру бар. Содан поликлиника, сосын туыстары бәрі жабылып қарттар үйіне шақырылғаннан кейін, ол шақыруды тоқтатты.

Д. Сапарқызы