Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Теңізшілер қазасы

AstanaTV
22.10.2018ж. 20:00
2573
Теңізшілер қазасы

Иран теңізшелірінің неден қаза болғанын Ауыл шаруашылығы министрлігінің аймақтық инспекциясы анықтайды. Бұл туралы Сытқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.  

Еске салайық, 19 қазанда 11 Иран теңізшісі Әзірбайжанда ауыр хәлмен ауруханаға түскен. Үшеуі сол жерде жан тапсырды. Айбек Смадияров бидай тиеген жүк кемесі Ақтудан Бакуге бет алғанын айтады. Алдын ала болжам бойынша, улануға бидай сақтуға қажетті химялық заттар себеп болуы мүмкін. Әзірге Иран тарапы бұл оқиғаға қатысты қандай бір сауал жолдаған жоқ.

Айбек СМАДИЯРОВ, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Маңғыстау облысындағы ауылшаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясы улану оқиғасының егжей-тегжейін және себептерін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде. Толық ақпарат инспекцияның нәтижесіде хабарланатын болады.  

Ал, еліміздің ауыл шаруашылығы министрілгі бидай «Квифокс» препаратымен өңделгенін айтады. Үшінші сорттағы 1,5 тонна бидай өңдеуден өткен. Онымен айналысқан компанияның арнайы лицензиясы бар көрінеді. Шенуніктер ирандық теңізшілердің неден уланғаны апта соңында анық белгілі болады,-дейді. 

Алмабек МАРС, ҚР АШМ АӨК МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазіргі таңда тексеру-анықтау жұмыстары жүргізілуде. Соның қортындысымен толық ақпарат осы жұманың соңына дейін береміз деп ойлаймыз. Біздер сол қазіргі таңда Әзірбайжаннан тиісті ақпаратты сұратып отырмыз. Соның нәтиджесімен зерттеп айтуға болады не болды, қалай болды.