Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Үкімет басшысы жеке инвестиция тарта алмаған әкімдерді атады

AstanaTV
23.10.2018ж. 20:00
2240
Үкімет басшысы жеке инвестиция тарта алмаған әкімдерді атады

Есесіне жарты жылда тікелей инвестиция көлемі 15,4 пайызға артты. Экономикаға құйылған қаражат 12,3 млрд долларды құраған. Бұл туралы Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Әсіресе, тау-кен өнеркәсібі, көлік, сауда, қаржы және сақтандыру мен ақпарат және байланыс салаларда өсім байқалады. Қазақстан тағы 10 млрд доллардан аса инвестиция тартуды көздеп отыр. Трансұлттық компаниялар 34 жобаның тізімін жасаған. Оның 12-сі жүзеге асырылып, қалғаны әзірленіп жатыр. Қаражат қай елден, қай елшілік арқылы тартылған? Премьер осы сұрақты саралауды орынбасары Асқар Маминге жүктеді. Сағынтаев елде инвестор тартуға барлық жағдай жасалғандықтан белсене жұмыс істеуге шақырды. Премьер-министр бюджетке «алақан жайған» біраз әкімнің жұмысын жоққа шығарды.  

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: 

Егер, біз осылай қол қусырып отыратын болсақ, онда бүкіл жұмысымыз бюджетке қарап қалады. Жалпы инвестиция өсімі Шымкентте 275 пайыз, ал жеке инвестиция үлесі 65 пайыз. Мұндай жағдайлар СҚО, Ақтөбе, Қызылорда, Астана қалаларында бар. Яғни, жеке инвестиция тарту жұмысы жоқ деген сөз. Барлық жұмыс-бюджеттен, республикадан ақша алу, трансұлттық компаниялардың инвестициясын әкелу. Ал, жеке инвестиция тарту, оларға жағдай жасау жоқ.

Жер бөлудегі машақат біраз жобаның аяғын тұсап тұр. Инфрақұрылым жоқтығынан тағы 10 жоба іске асар емес. Ал, газбен жабдықтау мен газ бағасының қалыптаспауынан 5 млрд долларды құрайтын 6 жоба тоқтап тұр. Ал, Тимур Сүлейменов сумен жабдықтау, инженерлік инфрақұрылым саласында жекеменшік-әріптестік жүзеге асырылмай жатқанын айтты.  

Г. Меңдеева