Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Полицейлер жаңа форма киеді

AstanaTV
23.10.2018ж. 20:00
5741
Полицейлер жаңа форма киеді

Полицейлер формасы өзгереді. Ішкі істер министрлігінің өкілі Алмас Сәдубаев осылай деді. Сақшылардың қазіргі формасы соңғы 15 жылдан бері өзгермеген көрінеді. Алайда, министрлік өкілі қызметтік форма қанша сақшыға тігілетінін, оған қанша қаражат жұмсалатынын айта алмады. Ал, Ішкі істер министрі полицейлердің қазіргі киімі кеңседе киюге ыңғайланғанын айтты. Қасымов жаңа форма далада жұмыс істегенде де ығайлы, қазіргі заманға сай әрі бірыңғай болуы керек деп отыр. Министрлік форманың өзгеруі Ішкі істер саласын жаңғыртумен байланысты екенін хабарлаған еді. Ал, бұған дейін әлеуметтік желіде сақшылардың жаңа киім үлгісі жарияланды. Оны жұрт сотталушылар киіміне ұқсатқан. Министрлік өкілі жаңа форма әлі таңдалған жоқ,-дейді.  

Алмас СӘДУБАЕВ, ҚР ІІМ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Ең бастысы-полицей формасы ыңғайлы болу керек. Қазір біз отандық өндірушілердің түрлі ұсыныстарын қарап жатырмыз. Таңдау жасалған соң қосымша хабарлайтын боламыз. Ал, аудандық, облыстық ішкі істер департаментінің атауын Үкімет қаулысы шыққан соң түгелдей полицияға ауыстырдық.

Г. Меңдеева