$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Салық төлемеген екі бірдей «Porsche Cayenne» айып тұрағынан бірақ шықты

AstanaTV
24.10.2018ж. 20:00
3346
Салық төлемеген екі бірдей «Porsche Cayenne» айып тұрағынан бірақ шықты

Астанада салық төлемеген екі бірдей «Porsche Cayenne» айып тұрағынан бірақ шықты. Көлік қожайындары қазынаға 1,7 миллион және 912 мың теңге көлемінде берешек.  

Элиталық машина жүргізушілері Кіріс департаментінің «Борышкер-2018» жедел алдын алу шарасы кезінде ұсталды. Салық инспекторлары елуге жуық борышкерді әшкерелеген. Олар қазынаға 15 миллион теңгеден астам қарыз. Бұлайша салықтан жалтарғандардың ісі сот орындаушыларға жіберіледі. Оны үш ай көлемінде төлемесе, сот темір тұлпарды тәркілеп, иесіне шетелге шығуға тыйым салынады.

Гүлмира БАЗЫЛОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МКД БАС МАМАНЫ:  

Бүгінгі таңда 56 мың 700 салық борышкерлері бар. Астана қаласы көлік салығы бойынша.Барлық көлік салығының берешегі 1 млрд 732 мың теңгеге жуық.

Ал, батыста жыл басынан бері 51 машина айып тұрағына тоғытылды. Көліктер жылдар бойы қаңтарылып тұр. Кейбірі сатылып та кеткен. Оралда темір тұлпар үшін, төленбеген салық 430 млн теңгені құрайды.  

Тимур ТӨЛЕПОВ, БҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: 

Бес жылдың ішінде төлемей келе жатқан азаматтар да бар. Олардың аттарында бүгінгі таңда автокөліктер жоқ. Олардың автокөліктері сенімхат арқылы бұрын сатылып кетті немесе автокөліктері жойылған болатын. Немесе бұл тұлғалар қарызы барын білмейді.

У. Қабылтайұлы