Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мемлекеттік қызметкерлер «Димломмен ауылға» бағдарламасына қосылғысы келеді

AstanaTV
25.10.2018ж. 20:00
3563
Мемлекеттік қызметкерлер «Димломмен ауылға» бағдарламасына қосылғысы келеді

Қызылжар өңірінің жастары мемлекеттік қызметкерлерді «Димломмен ауылға» бағдарламасына қосуды сұрап отыр. Олар өтініштерін өңірге келген мәжіліс депутаттарына айтты. Түркістан облысына барған мәжілісмендер үш ауысымдық мектептердің мәселесіне тап болды. Өңірдің бас ауруы осы. Абзал Құрманкин тарқатады.  

Жыл басынан бері Аққайың ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмыс істеуге 13 маман ниет білдірген. Олар бір реттік 170 мың теңге көтермеақы алды. Ал еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастаған өзге жас мамандар мемлекеттік қаржылай қолдаудан шет қалып отыр. Сондықтан «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қосылғысы келеді. 

Сапар АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Жақсы ұсыныс түсіп жатыр. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерді қолдау керек деп ойлаймын. Ең басты мәселе үй мәселеі ғой. Қазір «7-20-25» бағдарламасын тек қалаларда емес, ауылдарда іске асыру мәселелерін қарастырып жатырмыз

Ал, Түркістан облысы Сайрам ауданында болған депутаттар апаттық жағдайдағы және үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін талқылады. Облыста мұндай мектептердің саны - 24. Олардың мәселесі жыл соңына дейін шешілмек.  

Мансұрхан МАХАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Осы жылдың аяғына дейін мемлекеттік уәкілеттік органдардың мәліметіне сәйкес бес апаттық мектеп қалмақшы және сегіз үш ауысымдық. Яғни бұның барлығы да осы тікелей Елбасының жолдауындағы айтылған білім мәселесі бойынша да атқарылып жатқан жұмыстардың мәселесі.

Алматы облысына барған халық қалаулылары май өнімдерін шығаратын «ЭФКА» зауытының жұмысымен танысты. Өндіріс ошағы отандық шикізатты өңдейді. Кәсіпорын мемлекеттік бағдарламаның арқасында өндіріс қарқынын арттырып, экспорттық әлеуетті еселемек. Бұған 2025 жылға дейін ұзартылатын бизнестің жол картасы бағдарламасы іздегенге сұраған болады, дейді халық қалаулылары.  

Гүлмира ИСИМБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

90 пайызға автоматтандырылған жұмыстың бәрі. Осының өзінде жұмысшылар қысқарып отырған жоқ. Қосымша тағы бір цех ашу ойлары бар. Соған бизнесті жол картасы 25-жылға дейін көп септігін тигізер.

Мәжіліс депутаттары қай аймақты араласа да, мамандарды мазалайтын ең негізгі мәселе-баспана болса керек. Сондықтан, халық қалаулылары ендігі кезекте тұрғын үйге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіруді қаузайтын болады.  

А.Құрманкин