$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Жұмаққа кім барады?» Агрессорлық...

AstanaTV
27.10.2018ж. 20:00
2804
"Жұмаққа кім барады?» Агрессорлық...

Ресей президенті В.Путин Валдай пікірсайыс клубының отырысында ядролық қаруды өздеріне ядролық шабуыл жасалса ғана қолданатынын айта келе, «Агрессор біздің кек қайтаруымыздан қашып құтыла алмайтынын, өзін жоқ қылатынымызды білуі керек. Біз, агрессия құрбандары, азап шегуші ретінде жұмаққа барамыз, ал олар өледі де қалады, себебі істегендеріне өкініш білдіріп үлгермейді», деп прогрессивті адамдардың ащы күлкісін туғызған. 

Владимир ПУТИН, РФ ПРЕЗИДЕНТІ:

Агрессор должен знать: возмездие неизбежно, все равно он будет уничтожен. А мы, как жертва агрессии, как мученики, попадем в рай, а они просто сдохнут. Потому что они даже раскаяться не успеют.

Мәселе неден шықты? АҚШ Орта және жақын қашықтықта ұшатын зымырандарды қысқарту туралы туралы келісімнен шығатындарын мәлімдеп отыр. Вашингтон, Мәскеу Солтүстік Атлантика одағы елдеріне соққы бере алатын орта қашықтықта ұшатын "Новатор 9М729" зымыранын жасап, келісімді бұзды деп айыптайды. «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында КСРО-ң бірінші соңғы президенті М.Горбачев «Бұл келісімнен бас тарту – ақылға қонымды әрекет емес, қателік», деген. Горбачев 1987 жылы желтоқсанда Вашингтонда аталған келісімге қол қойған. Ол бойынша АҚШ пен Ресейге радиусы 300-ден 3400 миль қашықтыққа дейін жерден ұшатын баллистикалық және қанатты зымырандарды шығаруға, сынақтан өткізуге және сақтауға тыйым салады.

Айтып отырғанымыздай, Құрама Штаттардың мәлімдеуінше, шартты Ресей бұзып отыр - Мәскеу Еуропада ядролық оқтұмсықтар жіберуге қабілетті шағын радиустан әрекет ететін зымырандарды орналастыра бастаған. В.Путин болса,Мәскеудің келісім шарттарын орындамағанына Вашингтонның дәлел келтірмегенін айтты. Путиннің сөзінше, Румынияға зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастырып, зымыран туралы келісімді АҚШ-ң өзі бұзып отыр.Осы аптада Ресей мен АҚШ президенттерінің 1 дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 100 жыл толуына орай өтетін шаралар аясында Францияда кездесетіндері хабарланды.

Нұркен АЙТЫМБЕТОВ, PHD ДОКТОРЫ:

Ұзаққа созылған қырғи-қабақ соғыс бар ғой, СССР мен АҚШ арасындағы, сол соғысқа нүкте болған келісім. Ресейдің сыртқы саясатын айтуға болады, Қырымдағы, Украинадағы, Сириядағы сыртқы саясаты, қазір бүкіл әлемді алаңдатып отыр, тек АҚШ емес. Одан кейін бұл келісім-шарт Ресей тарапынан бірнеше рет бұзылғаны айтылды. Сондықтан бұл келісім-шарттың уақытысы келген сияқты. Ескірген сияқты. Бұл келісім-шартты жаңартып, басқа да мемлекеттерді қосып, бірнеше державалық мемлекеттер қайтадан келісім шартты жаңарту керек деп ойлаймын. Қытайды да шектейтін осындай келісім-шартқа кіргізіп, өзінің қарулар санын көбейтіп жатыр, сондықтан осындай шартқа отырғызып, қаруын шектеп, бақылауға алған дұрыс деп ойлаймын.