$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Журналист Жамал Хашоггидің өлтірілгенін Сауд Арабиясы ақыры мойындады

AstanaTV
27.10.2018ж. 20:00
2545
Журналист Жамал Хашоггидің өлтірілгенін Сауд Арабиясы ақыры мойындады

Сауд Арабиясының азаматы, журналист Жамал Хашоггидің өлтірілгенін Сауд Арабиясының ресми билігі ақыры мойындады. Мойындамасқа амалы қалмады. Тақ мұрагеріМұхаммед бин Салман Эр-Риядта өткен инвесторлар конференциясында мұны «жантүршігерлік қылмыс» деп атаған... Оның алдында ресми биліктің түсіндірмесінде «Хашогги дипмиссияға кіргеннен кейін жанжал туып, төбелес шыққан, сол кезде мерт болған», деген. Мұндай түсіндірмені естіген АҚШ президенті «Оларда әу бастан өте нашар жоспар болды, нашар жоспарды нашар орындаған және айтып отырған аңызы, осы тектес аңыздар тарихындағы ең нашары», деген.  

Журналист 2-қазанда Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдық ғимаратына кірген соң жоғалып кеткен. Ол некеге тұру үшін қажетті құжат алмақ болған. Түркия билігі журналист Хашоггиді Сауд Арабиясы консулының резиденциясында Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен байланысы бар агенттер өлтірді деп есептейді. Эр-Рияд бұл айыптауды мойындамады, ақыры консулдықтан көріп отыр. Басында тіпті «журналист аман-сау консулдықтан шығып кеткен, неге ұшырағанын біз қайдан білеміз» деген, «кірпік қақпастан».

Айта кететіні, Жамал кезінде Сауд королі отбасының кеңесшісі болған. Кейін патша қаһарына ұшырап, Сауд Арабиясынан қашып, АҚШ-та тұруға рұқсат алған. Ол Washington Post газетіне мақалалар жазған. Мақалаларында Эр-Риядтың саясатына, тақ мұрагеріне қарсы шыққан. Өткенде де айттық, дипмиссия ғимаратында, дипломаттардың көзінше арнайы агенттердің бұлайша кісі өлтіруі ... кейбір жүйелердің танк сияқты таптап өтетініне дәлел.