Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Самұрық-Қазына» АҚ «Сарыарқа» газ құбырын тартуға 40 млрд теңге бөледі

AstanaTV
29.10.2018ж. 20:00
1827
«Самұрық-Қазына» АҚ «Сарыарқа» газ құбырын тартуға 40 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы «Сарыарқа» газ құбырын тартуға 40 млрд теңге бөледі. Бұл шешімді Үкімет мақұлдады. Қаражат Baiterek Venture Fund арқылы алынады. Жылдық үстемақысы 0,01 пайыз. Заем 15 жылда қайтарылады. Бұған дейін «Сарыарқа» газ құбырының бірінші бөлігін салуға 267 млрд теңге қажет деген. Оның 80 млрд-ы «Қазмұнайгаздың» еншілес компаниясы «Астана газ КМГ»-дан, 102 млрд-н «Қазақстан Даму банкі» мен «Еуразиялық банкі» береді. Қалған 85 млрд теңге зейнетақы қорынан алынатын болған еді. Осылайша, Астанаға келесі жылы желтоқсанда көгілдір отын жетуі тиіс. 

М. Дюсекина