Елде депозитті кепілге қою арқылы несие беріле бастады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлап отыр. Депозит нарығындағы бұл жаңашылдықты қазір елдегі екінші деңгейлі 10 банк ұсынып отыр. Ең жоғары пайыздық мөлшерлемемен депозит ашқандар ақшаны шұғыл шешіп алмайтын болса, банктер несие бере алады. Олардың пайыздық мөлшерлемесі әр банкте әртүрлі. Тамыздағы ақпаратқа сүйенсек, банктердегі қазақстандықтардың салымдары 8 трлн. теңгеден асқан. Бұл былтырдан 500 млрд-қа артық.
Д. Сапарқызы