Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Теріскейге 5 мың отбасы қоныс аударды

AstanaTV
30.10.2018ж. 20:00
2427
Теріскейге 5 мың отбасы қоныс аударды

Күнгейден теріскейге жұмыс іздеп 5 мыңға жуық адам қоныс аударған. Бұл мың жарым отбасы. Оның 56 пайызы еңбекке жарамды. Олар жұмысқа орналасыпты. 87 адам бизнеске бет бұрған. Нақтыласақ, соңғы екі жыл ішінде Павлодар облысына-361 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына-400 отбасы, Қостанай облысына-224 отбасы, Шығыс Қазақстан облысына-413 отбасы және Ақмола облысына-90 отбасы қоныс аударды. Бұған дейін оларға пәтер жалдау ақысы берілген. Енді баспана салып беру қаралмақ.  

Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:  

Бүгінгі таңда 2019-2021 жылдарға арналған осыған қажетті 15 миллиард теңге қаражат бюджетте көзделген. Нәтижесінде облыста алдағы үш жылда үш мыңға жуық қоныс аударушы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жұмыссыздықпен күрестің бір жолы ретінде бизнесті дамытуға шағын несие беру басталған. Жыл басынан бері 42 миллиард теңгеге микрокредит берілген. Оның 31 миллиарды ауылдықтарға, 11 млрды қалалықтарға бұйырған. Бірақ банктер кредиттердің қайтарылмау қаупі барын айтады. Ісін жаңа бастағандар мен сенімсіз стартап жобаларға қарыз бергісі жоқ. Сондықтан бағдарламаға қатысудан бас тарып жатыр. Енді ауылдарда банктен бөлек, арнайы шағын несие беру орталықтары ашылмақ.  

Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:  

Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен 4 төрт облыста микроқаржы ұйымдары құрылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін 9 микроқаржы ұйымы құрылатын болады.  

М. Дюсекина