Электронды
веб-порталды меңгере алмай жатқан мемлекеттік сатып алу жүйесінің
қатысушыларына жеңілдіктер қарастырылады. Бұл жөнінде "Астана" аранасының
тілшілеріне Электронды коммерция орталығының мамандары мәлімдеді. Орталық
қызметкерлері шағын және орта бизнес иелері әбігерге салынып отырғанынан
хабардар. Қазір портал жұмысын жетілдіре түсу үшін, арнайы видео нұсқаулық дайындалып жатыр.
Олар: "Құжаттарды рәсімдеу кезінде техникалық ақаулар болып жатса,
шарттарының орындау мерзімін ұзартуға көмектесеміз", - дейді.
Дархан
Біржанов, Электронды коммерция орталығы директорының орынбасары:
Күн
сайын электронды портал арқылы 3 мыңнан 10 мыңға дейін сатып алу жүргізіледі.
Кейбір субъектілер қиындықтарға тап болып жатады. Әрине, бұл орынды да. Өйткені
электронды портал енді ғана іске қосылды. Егер тапсырыс бойынша құжаттарын
уақытылы рәсімдей алмағандар болса, олар бірінші кезекте техникалық қолдау
қызметіне хабарласу керек. Егер белгілі бір себептермен кері байланыс орнамаса,
онда электронды порталымызға хат жазса болғаны. Керек болса, шартты өздері
сұраған мерзімге дейін ұзарта аламыз.
Орталық директорының орынбасары айтқандай, портал пайдаланушыларының сұрақтарына
жауап беретін қызметшілер тапшы. Өйткені ақпараттандыруға
бөлінетін қаражат қысқарған. Сондықтан қоңырауларға жауап беретін диспетчерлер
саны 43-тен 29 адамға азайған.
Дархан
Біржанов, Электронды коммерция орталығы директорының орынбасары:
Қазір
портал пайдаланушылары техникалық қызметпен байланысу мүмкін емес деп
шығымданады. Біздер бұл проблеманы шешу үшін, Қаржы министрлігімен тиісті
келісіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Алдағы 1,5 аптада бәрі реттеледі деп
отырмыз.
Еске
салайық, қаңтардың 1-нен бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алу тек
электрондық форматта жүзеге асырылады. Айта өтейік, бүгінгі таңда порталда 40
мың адам тіркеліп, сәйкесінше 40 мыңнан астам шарт жасасқан.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА