Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Тобыл өңірінде сандық технологияға көшкен шаруашылықтар көбеюі мүмкін

AstanaTV
01.11.2018ж. 20:00
3690
Тобыл өңірінде сандық технологияға көшкен шаруашылықтар көбеюі мүмкін

Шауашылықтарына сандық технологияны енгізген шаруалар Үкіметтен субсидия алуы мүмкін. Қазір бұл мәселе министрлікте талқыланып жатыр. Бұл туралы Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары айтты. Аймақта 10 шаруашылық электрондық жаңашылдықты қолданысқа енгізген. Тың технологияның арқасында өнімділік артып, өндірістік шығын азайған. Ауыл шаруашылығы саласындағы сандық технологияның жемісі жайлы Заңғар Санай баяндайды.  

Бұл-аймақтағы алғаш жүзеге асқан «Ақылды сүт фермасы» жобасының нәтижесі. Сүт фермасы жаңа бағдарламалық-аппараттық жүйеге қосылған. Яғни, арнайы құрылғы арқылы жануардың жағдайы, негізгі физиологиялық параметрлерін қалта телефоны арқылы бақыланып отыр.

Сәтжан САҒЫМБАЕВ, ЗООТЕХНИК:   

«Смартекс» құрылғысы Қостанай облысында бізде алғашқы орнатылған. Мұнда екі жүз бас сиырға салынды. Пайдасы бірінші күйлегенін ертерек білеміз. Денесінің қызуын. Ауырғанын сиырдың. Күні бұрын смспен бізге смартфондарға келіп тұрады.

Тың технологияның тиімділігі сол, жыл басынан бері сүттің көлемі артқан. Енді фермадағы 740 сиырға осы құрылғы орнатылмақ. Облыста бір мыңнан астам кәсіпорын цифрландыру элементтерін қолданады. Егіс алқабын қадағалауға, ауыл шаруашылығы техникасының жағдайы мен тіпті жанармай деңгейін көрсететін құрылғылар пайдаланылып келеді. Төрт түлікті чиптеу арқылы мал ұрлығының алдын алу да бар. Ал, қожалықтар жұмысшыларын жаңашылдыққа үйретуге бет бұрған.  

Мұхтар МҰСАБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 

Шаруа қожалығы өзі тапсырыс береді біздің жаңағы серіктес университтерге. Жаңа технологияны меңгеруге, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізудің жаңа тәсілдерін үйретіңіздер деп. Ал, ғалымдардың міндеті-қысқа мерзімде, яғни, бір жылдың ішінде шаруашылықтардың өндірісіне келіп, нақты тәржірибелік егін алқабында болсын немесе фермада болсын осы оқуды жүргізу.

Биыл аймақтағы екі жүзге тарта агроном, зоотехник, ветеринар оқу- курстарына қатысыпты. Ал, алдағы жылы бір мыңға жуық фермер мен диқан оқытылмақ.   

Қайыр АЙСИН, ҚОСТ АНАЙ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

Бұдан былай кез-келген шаруашылық тікелей келісім-шарт жасап, өз базасында оқу-семинарлар өткізуіне болады және мал шаруашылығы, егін шаруашылығы бойынша сарапшыларды, білікті мамандарды шақырта алады.

Бүгінде облыстағы 10 қожалық сандық технологияны пилоттық жобе ретінде енгізіп, оның игілігін көре бастаған.   

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: 

Қазірдің өзінде Қостанай облысының егін алқаптары түгел электрондық форматқа енгізілген. Ендігі кезекте шабындық пен жайылым жерлер тұр. Тың технологияны түгел меңгеру үшін субсидия бөлу жағы қарастырыла бастаған. Заманауи агротехнологияларды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету, шаруаларды жаппай оқыту, шетелдіктерден саланы басқарудың үздік тәжірибесін үйрену керек. Бұл мақсаттарға Үкімет 3 жыл қатарынан жылына кемі 100 млрд теңге бөлуі тиіс. Президент Жолдауда осыны тапсырған еді.

З. Санай