«Нұр Отан» партиясының бастамасымен елде 700 IT сынып ашылды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының оқу секторының меңгерушісі Сәуле Бақтымбет хабарлады. Партияның елде 1000 тегін IT-класс ашу жосбасы 8-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Мақсаты-оқушылардың ІТ технологияға қызығушылығын арттыру. Жаңа технологиялармен жабдықталған кабинет жастардың цифрлы технология тілін жетік меңгеріп, инженерлік-технологияға баулу. Сондай-ақ, химия-биология бағытында ғылыми-зерттеулермен айналысуларына, шәкірттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашады. Үш жылдық жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр.
Сәуле БАҚТЫМБЕТ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯЛЫҚ ОҚУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Біздің бағдарламаның ерекшелігі-халықаралық тәжірибені қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім береміз. Біздің балалар идеяларын практика жүзінде іске асыра алады. Тағы айта кететіні, оқу аяқталған соң оқушылар алған білімдерін көрсетеді. Олар түрлі республика деңгейіндегі байқауларына қатыса алады. 10 қарашада онлайн режимде олимпиада ұйымдастырып отырмыз. Осы сайыста өздерін шыңдай алады.
Д. Сапарқызы