Кез кезген елге инвестиция тарту үшін маңызды болып саналатын халықаралық «DOING BUSINESS 2019» рейтингінде Қазақстан 30 елдің қатарына енді. Дүниежүзілік банк түзетін бұл тізімде еліміз соңғы 11 жылда 36 тармаққа ілгерілеп, 28 орынға көтерілді. Бұл жайында орталық коммуникацялар қызметінде тілшілерге сұхбат берген Ұлттық Экономика вице-министрі Серік Жұманғарин хабарлады. Саясаткерлер мен ірі инвесторлар үшін беделді болып саналатын бұл тізім он санат бойынша түзеледі. Оған бизнес бастауда және дамытуда кездесетін түрлі кедергілер енген. Соның алтауы бойынша Қазақстанның алға жылжығаны байқалады. Атап айтсақ, іскер азаматтарды қорғау, құрылысқа рұқсат беру, кәсіпорын ашу, несие рәсімдеуде кәсіпкерлер үшін қиындықтар азайған.
Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүкіл корпорация басшылары біздерге танымал банктердің политиктардың қолданатын, ағымдағы жұмыста қолданатын рейтингі. Ертең олар ертең политиктардың, банктердің, корпорациялардың инвестициялау шешіміне әсер ететін рейтинг. Осы жұмысты атқағанда біздің бірінші мақсатымыз- Қазақстанның бизнес ахуалын жақсарту. Мысалы, біз де біраз практикалық реформалар жасадық.
Халықаралық маңызы бар құжаттың алғашқы орындарына Жаңа Зеландия, Сингапур, Дания мен Гонконг мемлекеттері жайғасыпты. Ал, 28 орынға тұрақтаған Қазақстан, Испания, Франция, Польша, Жапония сынды алыптарды артқа тастаған. Инвестиция үшін барлық жағдай жасауға дайын ТМД елдері бойынша да біздің ел Ресей, Белоруссия, Армения мен Қырғызстаннан оқ бойы озық тұр. Вице-министрдің айтуынша, Дүниежүзілік банк рейтингісінің отыздығынан көрінуге Үкіметтің бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар заңдарды қабылдануы себеп болған.
https://youtu.be/jkg7sxCml0w