$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Жемқорлар енді интерактивті карта жобасы арқылы ұсталады

AstanaTV
01.11.2018ж. 20:00
3857
Жемқорлар енді интерактивті карта жобасы арқылы ұсталады

Мемлекеттік сатып алулардағы парақорлық пен бюджет қаражатын тонау азаймай отыр. Бірінші тоқсанда 1 мың жемқорлық қылмыс тіркелсе, оның үштен бірінде бюджет ақшасы жымқырылған. «Зерттеу» институтының директоры Шолпан Әйтенова осылай деп отыр. Сондықтан, сарапшы бұған қоғамдық бақылау қажет деген ұсыныс айтты. Жиында бюджет қаражатына салынатын инфрақұрылымдық жобаларды бақылайтын интерактивті карта таныстырылды. Әзірге бұл Астанада жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта барлық аймақтарға енгізілмек. Жемқорлықпен күресудің бұл әдісіне халық та үлес қоса алады. Олар түсірілген фото-видео айғақтарды карта мекен-жайына жібере алады.  

Шолпан АЙТЕНОВА, «ZERTTEU RESEARCH INSTITUTE» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Жемқорлықтың негізгі факторы-бюджеттің ашық болмауы. Картада жергілікті әкімдіктерге бөлінген бюджет көлімі көрсетіледі. Меніңше, өте тиімді карта. Ал, жемқорлық қауіпінің тағы бірі-мемлекеттік сатып алуда. Өзінің нарықтағы бағасынан екі есеге сатқан жағдайларда тіркелген. Немесе басқа тауар көзін тауып, қымбатырақ сатқан.

Былтыр бюджеті ең ашық-Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары танылған. Бюджетті жоспарлау, бекіту, орындау, есеп. Осы 4 істі ашық, тиянақты орындағандар тексерілген. Бұл жұмыстарға селқостық танытқандар тізімін Алматы облысы бастап тұр.

У. Қабылтайұлы