Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Роскосмос» Байқоңырдан бұрынғыдан екі есе көп зымыран ұшыратын болды

AstanaTV
02.11.2018ж. 20:00
2969
«Роскосмос» Байқоңырдан бұрынғыдан екі есе көп зымыран ұшыратын болды

«Роскосмос» Байқоңырдан бұрынғыдан екі есе көп зымыран ұшыратын болды. Келесі жылы ғарышқа 35-тен астам зымыран жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Риа Новости» агенттігі «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинге сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ауыр зымырандардың көбеюі өндірушілердің қарызын өтеуге мүмкіндік бермек. «Протон», «Ангара» ауыр әуе қондырғыларын шығаратын Хруничев орталығы алдыңғы келісімшарттар бойынша берешектерін өтей алмай отыр. Ал, 2019 жылы ғарышқа 10 зымыран ұшырылмақшы. Оның 9- ы «Протон», біреуі «Ангара». Еске салсақ, 11 қазан күні «Союз-ФГ» қондырғысы «Союз МС-10» ғарыш кемесін орбитадан шығара алмай қалған. «Роскосмос» ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг аман-есен жерге қонған болатын. Кейін апатқа Байқоңырда бүйірлік блоктың зақымданғаны анықталды. Жоспар бойынша келесі зымыран халықаралық ғарыш айлағына желтоқсанның 3- інде ұшырылмақ.  

А. Қуаш