Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мұнай саласын цифрландырса, «көлеңкеден» шыға ма?

AstanaTV
03.11.2018ж. 20:00
2493
Мұнай саласын цифрландырса, «көлеңкеден» шыға ма?

Мұнай саласын цифрландыру көлеңкеден 23 млрд теңгені шығаруы мүмкін. Энергетика министрінің орынбасары Болат Ақшолақовтың хабарлағаны. Министрлік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына 8 жоба ұсынып отыр. Солардың бірі - мұнайды есепке алу. Қара алтынды өндіруден бастап зауытқа жеткенгедейінгі процесс сандық жүйеде бақыланады. Жоба саладағы көлеңкелі айналымды жоюға септеседі, жалпы, цифрландыруды жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі 143 млрд теңгені құрауы мүмкін, дейді министрдің орынбасары. Мұнай айналымының «көлеңкеде» де екенін бізге сарапшылар талай айтқан. Сондықтан цифрландыру проблеманы шеше ме, тағы да сарапшыдан сұрадық.  

Сергей СМИРНОВ, МҰНАЙ САРАПШЫСЫ:

Бұл цифрландырудың да құны бар. 3 млрд теңге. Бірнеше жыл бұрын мұнай құю станциялары мен мұнай базаларына мәлімет базасын автоматтандыруға көшуге пәрмен берген. Бірақ олар істемеді. Себебі өте қымбат. Егер олай істесе, бензин құнына қосар еді. Ал енді мемлекет өз мойнына алады дегенге күмәнім бар. Мұнай өндіруші ірі компаниялар автоматтандыра алады. Бірақ олар да кеткен шығынды өнімге қосады. Мұнай өңдейтін зауыттарды модернизациялауды алайық. Жоспар 2009-2015 жылдарға арналған болатын. Ал іс жүзінде биыл қыркүйекте ғана аяқталды.