Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент Бельгияға іссапармен барды

AstanaTV
30.03.2016ж. 20:00
1392
Президент Бельгияға іссапармен барды

Президент іссапармен Бельгия Корольдігінде. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Брюссель қаласындағы  «Мальбек» метро стансасында террорлық акт құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Осы ретте Брюссель астаналық өңірі Үкіметі басшысының орынбасары Ги Ванхенгельмен әңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бельгияға өзіміздің көңілімізді білдіреміз - жақындарына, туғандарына және осы елдің басшыларына. Қазақстан әр кезде терроризмге қарсы. Терроризмге қарсы күрестегі коалицияның ішінде. Сондықтан ешқандай жазықсыз адамдарды апат жасаған кісілерге ешқандай кешірім жоқ.

Елбасы Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесті. Тараптар барлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Президент Еурокомиссия төрағасы Жан Клод Юнкермен де кездесіп, қазақстандықтар үшін Еуроодақ елдеріне виза алуды жеңілдетіп, Қазақстанмен әуе қатынасындағы проблемаларды шешуге шақырды.

Ләйлә  ҚАЗИАҚПАРОВА