Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

115 мың доллар пара алған әкім орынбасары қамауға алынды

AstanaTV
06.11.2018ж. 20:00
2740
115 мың доллар пара алған әкім орынбасары қамауға алынды

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев 115 мың еуро пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Ол мемлекет мүддесіне қайшы, аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері экс-шенеунікті Ақтау қаласының халықаралық әуежайы аумағында ұстаған. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 58 жастағы Серік Аманғалиев Атырауда білім беру департаментін басқарған. 2008-2011 жылдары Президент әкімшілігінің бөлім басшысы болыпты.  

Гаухар НҰРХАНОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 5 қарашадағы қаулысымен Аманғалиев Серік Қалешұлын екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді. ҚР Қылмыстық Кодекстің 366-шы бабы 3-ші бөлігімен аса ірі көлемде пара алды деген күдік тағылып саотқа дейінгі тергеу ісі басталды

Ал, әлеуметтік желіде тараған мына ақпаратта қазір облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бір емес үш бірдей орынбасарының жұмыста жоқ екені айтылған. Бірі демалыста, бірі ауырып қалған, енді бірі жұмыстан шығып кеткен көрінеді. Тіпті, бірқатар басқарма басшысының орны да бос тұр. Мұны облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы да растады.   

Самат СҮЛЕЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Орынбасарлары Руслан Сәкеев Кенесарыұлы ол өзінің еңбек демалысында, 10 күн бұрын шығып кеткен. Ысқақов Мақсат Нұрлыбекұлы ол кісі де денсаулығына байланысты қысқа мерзімді демалыс алған. Басқарма басшыларының орны бос екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ, «Олардың орны бос екен» деп жұмыс жүрмей қалып жатқан жоқ. Оның орнына міндетін атқарушы мамандар мен орынбасарлары бар.

А. Бектас