Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Samsung» кітапша смартфон шығарды

AstanaTV
08.11.2018ж. 20:00
2223
«Samsung» кітапша смартфон шығарды

«Samsung» жиналмалы экранды жаңа смартфонның таныстырылымын өткізді. Тұсау кесер кеше «SDK 2018» конференциясында өтті. Компания жиналамалы дисплей технологиясын «Infinity Flex» деп атаған. Экранның диагоналі ашылған күйінде 7,3 дюймді құрайды. Яғни, кітапша сияқты, екі бүктеледі. «Samsung» жуырда жаңа смартфонның жаппай өндірісін бастауға ниетті. «Google»-дың Вице Президенті Дэйв Берк «Samsung» бұл гаджеттерді 2019 жылы нарыққа шығарады деп отыр. Әзірге бұл смартфон-планшет қандай қасиеттерге ие және қаншаға сатылатыны белгісіз.  

Ә. Өмірзақ