Израильде
теңіз түбінен IV ғасырға тиесілі артефакттар табылды. Құнды жәдігерлерді Жерорта
теңізінен әуесқой сүңгуірлер алып шықты. Рейтерстің хабарлауынша, археологтар
кеменің зәкірін, ағаш ұсталарының құрал-саймандарын, бірнеше
мүсіншелер мен адам бойымен бірдей болатын үш қола мүсіннің сынықтарын тапқан.
Олардың барлығы да жақсы сақталған. Сонымен қатар біздің заманымызға дейінгі
306-327 жылдары билік құрған император Константин бейнеленген қола тиындар
шықты.
Айта кетерлігі, бұл Жерорта теңізінің түбінен шығарылған алғашқы құнды
заттар емес. Осыдан бір жыл бұрын
Кейсария портынан Х ғасырға жататын мұсылмандар халифаты заманының алтын
тиындары табылған еді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ