$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда тұңғыш рет инновациялық зауыт іске қосылды

AstanaTV
09.11.2018ж. 20:00
2578
Қазақстанда тұңғыш рет инновациялық зауыт іске қосылды

Енді электр сымдары тартылған бетон бағандарды пластик бағаналар алмастырады. Астанада алғаш рет инновациялық әдіспен бағана жасайтын зауыт іске қосылды. Отандық өнімнің басты ерекшелігі-экологиялық таза әрі химиялық ортаға төзімді. Еуропалық стандартқа сай өндірілген өнім бағасын зауыт нарыққа арзандатып шығарды. Бүгін іске қосылған кәсіпорынға Ресей айына 2000 дана бағана алуға тапсырыс берген. Қазір отандық және шетелдік құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатыр.  

Асхат РАХЫМОВ, «MAXVIDL» ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Инновация-ол материалдың өзі. Біріншіден, Қазақстанда бұл материалдардан опор істемейді. Екі-үш күн болды материалдарды тексеріп, жібергенімізге. Әзірге пробный партиялар істеп жатырмыз. Бұл Қазақстандағы бірінші осындай зауыт.

Жобаның инвестициялық құны 1,5 млн теңгені құрайды. Зауыт алдағы уақытта 40-қа жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Жылына 10 мыңнан аса бағана жасап шығармақ. Бұдан бөлек, отандық өнім Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Арменияға экспортталады.  

Ерлан БЕКМҰРЗАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Қалаға үлкен транспорттық инфрақұрылымды дамытуға әсерін тигізеді деген ойдамыз. Инвестицияны қолдау, оны тарту, жаңа инновацияны дамыту стратегиясының аясына осы жоба лайықты деп санаймыз.

А. Бектас