Алайда, Инвестициялар және даму министрлігі кәсіпорында кемшіліктер көп екенін айтып отыр. Жоспарлы тексеріс кезінде де біраз заңсыздық анықталған.
Айхын ЖИЕНҚҰЛОВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Индустриялық даму және Қауіпсіздік өнеркәсіп комитетінің Қарағанды облысы департаменті жоспарлы тексерулер жүргізеді және жүргізіліп жатыр. Өте көп кемшіліктер. Бұл жерде көмір департаменті және болат департаменті бар. Тексерулер өз нәтижесін беруде.
Инвестициялар және даму министрлігінің маманы апатқа байланысты жұмысы тоқтаған цех қызметкерлері жалақысыз қалмайды, деп отыр. Ал, министрлік жанынан құрылған комиссия металлургиялық комбинаттағы апат себебін анықтауға кіріскен.