Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Депутат сабақ беріп жүр

AstanaTV
12.11.2018ж. 20:00
2950
Депутат сабақ беріп жүр

Депутат сабақ беріп жүр. Олимпиада ойындарының чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілінен ашық сабақ өткізді. Жібек жолы ауылы мектебіндегі шара «Болашақ» қауымдастығының «English for Jastar» жобасы аясында ұйымдастырылған.  

Серік Сәпиевтің алғашқы ашық сабағы оқушылар үшін тосын сый болды. Олимпиада чемпионы ағылшын тілінде мотивациялық презентация жасап, өз жетістіктерімен бөлісті. Балалардың сұрақтарына жауап берді. Әрине, әйгілі спортшымен өткізген сабақтың әсері бөлек.  

Жобаның негізгі мақсаты-ауылдық аймақтардағы балаларға ағылшын тілін қолжетімді ету. «Болашақ» түлегі Серік Сәпиев ұйымдастырушылар қай өңірге жіберсе де, баруға дайынмын,-дейді.   

Серік СӘПИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Мен тұрақты спорт сабақтарын беріп жатырмын. Осы ағылшын сабақтарын бірінші рет өткіздім. Кішкене қиын болды. Мүмкін тағы бір-екі сабақ өткіземін... «Болашақ» бағдарламасы қандай аймақтар таңдайды, соған барамыз.  

Айта кетейік, «English for Jastar» жобасы қыркүйек айынан бастап 14 облыстың 84 ауылдық мектебінде жұмыс істеп жатыр. Коучерлердің басым бөлігі-«Болашақ» бағдарламасының түлектері мен шетелден келген мамандар. Ашық сабақтар оқушылардың негізгі кестесіне қосымша ретінде жүреді.