Еліміздің
алты өңірінде оқшаулау, түзету мекемесі салынады. Бұл жөнінде қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин мәлімдеді. Айтуынша, нысандар
мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бой көтермек. Бұл мақсатқа арнайы жер телімдері де бөлінген.
Бауыржан
Бердалин, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі
комитетінің төрағасы:
Шымкентте тұрғызылуы тиіс 1,5 мың орынға арналған заманауи колонияның
жобалық-сметалық құжаттарын рәсімдеу аяқталуға жақын. Дәл осындай үлгіде
Астана, Петропавл, Қызылорда, Қарағанды және Оралда ғимараттар салынбақ. Жобаларды жүзеге асыратын жеке компаниялар
ашық конкурс негізінде анықталады.
Сондай-ақ,
жыл соңына дейін 6 түрме жабылады. Өйткені жазасын өтеушілердің саны азайған. Бауыржан Бердалиннің сөзінше, бір
сотталушыны асырау үшін бюджеттен жылына 800 мың теңгеге жуық қаражат
жұмсалады. Салыстырмалы түрде Батыс елдерінде бір сотталғанға жылына 8 мың
доллар жұмсалады, дейді ведомство басшысы. Ол, бас бостандығынан айырылған
жүкті әйелдердің де жазасын жұмсарту қажет, деп санайды. Өйткені түрмеде туылған
сәбилер колонияға қарасты балалар үйінде тәрбиеленуге мәжбүр.
Бауыржан
Бердалин, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы:
Бұл
шешімі кезек күттірмейтін үлкен проблема. Жүкті әйелдерге қатысты мерзімін
шегеру амалдарын кеңірек қолдану керек деп есепетеймін. Тіпті басқа жаза
қолдануға дейін ойластыру керек шығар.