Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Уранның дәл қазіргі түрі қауіпті-Сергей Бежецкий

AstanaTV
12.11.2018ж. 20:00
8865
Уранның дәл қазіргі түрі қауіпті-Сергей Бежецкий

Ұлттық ядро орталығының жоғары байытылған ураны Үлбі металлургиялық зауытында төмен байытылған түріне қайта өңделеді. Осы мақсатта дайындалған жоба бүгін Өскеменде өткен қоғамдық тыңдауда талқыланды. 90% жоғары байытылған ураннан ядролық қаруды жасауға болады. Енді оның изотопы 20%-дан аспайды. Мұндай уран энергия үшін бұрыннан пайдаланылып келдеді. Жобаның экологиялық қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы келесі материалда.  

Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ: 

2,7 келі Уран-235-ті Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдаланды. Қазір жоғары байытылған уран қауіпті, бірақ табиғи уранмен араластырғаннан кейін изотоптың құрамы 90-нан 20% -ға дейін төмендейді. Ал, төмен байытылған уран атом электр станциясының реакторы үшін отын таблеткаларын жасауда қолданылады,- дейді ғалымдар.

Сергей БЕЖЕЦКИЙ, «ҮМЗ» АҚ УРАН ӨНДІРІСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Уранның дәл қазіргі түрі қауіпті. Өйткені, ол жоғары байытылған уран және ядролық қару жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Ал, өңделгеннен кейінгі уран қауіпсіз. Себебі, оны пайдалану үшін уран тасымалдау жиынтығы қолданылады. Бұл қозғалыстың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазір Ұлттық ядролық орталықтағы уран жинақтарын Үлбі зауытына көшіру жобасын әзірленіп жатыр. Ғалымдар оны өте құпия түрде сақтауда. Өңдеу кезінде ауаға кететін зиянды қалдықтар белгіленген мөлшерден аспайды. Экологиялық қауіпсіздігі сақталады. Өндірістік қалдықтар кәсіпорын қоймаларында жойылмақ. Ғалымдардың айтуынша, жобада төтенше жағдайлар да ескеріледі.  

Елена СТАРУХИНА, «ҮМЗ» АҚ ИНЖЕНЕР-ЖОБАЛАУШЫСЫ:  

Радиациялық қауіптің 3 сатысы бар. Экологиялық жағын айтсақ, оның қауіптілік дейгейі 1-ші орында тұр. Ал, жеке радиациялық қауіп 3-ші деңгейде. Негізгі ережелерге сәйкес, 3-ші деңгейдегі төтенше жағдайлар болса, нысанды орналастыру аймағында шектеулер болады.

Ал, белгілі қоғам қайраткерлері уран қалдықтарын Курчатовта арнайы полигон соғып, сонда жою қажет дейді. Өйткені радиоактивті заттарды қала аумағында сақтау қауіпті. 

Денис ДАНИЛЕВСКИЙ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:   

Радиоактивтер сақтайтын нысан қалада орналасқан. Семей сынақ полигонынан ары қарай орналастыру қажет. Осы арқылы радиоактивті қалдықтарды адамдардан аулақ ұстай аламыз. Әлеуметтік жауапкершілікке қарайтын компаниялар бар. Заң да бар бірақ, іс оның жүзінде орындалуын да қарауымыз қажет. Тұрғындар кейін осы ұсынысқа алғысын айтады.

Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ: 

Ал, 2019 жылдың шілдесінде Үлбі зауытына материалдар жеткізіледі. Өңделу уақыты 220 күнді құрайды. Кәсіпорынды қайта жабдықтауға кететін 1,5 млрд шығынды АҚШ қаржыландырмақ. Өйткені, америкалықтарды жоғары байытылған ураннан жасалатын қауіпті ядролық қарудың тарап кетпеуі, олардығң террористердің қолына түспеуі алаңдатып отыр. Уран өндірісі директорының айтуынша, бұл Әлемдегі тың технологияны қолданатын бірегей зауыт болмақ.

А. Бектас