$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылорда облысы Шалқия аулында 116 қой қырылып қалды

AstanaTV
13.11.2018ж. 20:00
4190
Қызылорда облысы Шалқия аулында 116 қой қырылып қалды

Қызылорда облысында қырылған қойдың «Лептоспироздан» өлгені расталса, өтемақы төленеді. Бұл туралы аймақ әкімі айтты. Бұған дейін өңірдегі қыстаудың бірінде 116 қой қырылып қалды. Облыстық ветеринария басқармасының брифингінде кесел «Лептоспироз» дертінен болуы мүмкін деген болжам айтылды. Өлекселерді өртеп, залалсыздандыру шаралары жасалған. Қан сынамалыры алынып, Жаңақорған аудандық зертханасына жеткізілген. Қорытынды 10-20 күн аралығында дайын болмақ. Мамандар «Лептоспироз» дерті малдан адамға жұғатынын айтады. Сондықтан, мал иесіне де дертке қарсы дәрі егіпті. Жұқпалы аурулар қатарына енгізілген «Лептоспироз» ауруы дәл осы Жаңақорған ауданында осыдан үш жыл бұрын анықталған.  

Ерсұлтан ӘПЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Комиссия бүгін зерделеу жұмыстарын жүргізуге кетті. Яғни, біз қазіргі таңға нақты айта алмаймыз. Өйткені, ол ұшқан құс, жүгірген аң барлығы су ішеді. Ол ағын су, тоқтап қалған су, сол шалшық судан отравление болуы мүмкін, мысалы, ішкен судан. Болмаса, азығынан отравление болуы мүмкін. Енді қазіргі таңда болжамды диагнозы бойынша «Лептоспироз» ауруына күмәнді болып тұр. Лаборатория қорытындысы «Лептоспироз» ауруына нақты диагноз беретін болса, шығын өтелетін болады.

Ш. Сақтапова