$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Қостанайлық диқандар демеу қаржыға қол жеткізе алмауы мүмкін

AstanaTV
10.06.2016ж. 20:00
Қостанайлық диқандар демеу қаржыға қол жеткізе алмауы мүмкін

Қостанай облысының диқандары астықтың әр гектарына берілетін субсидияны ала бастайды. Егіннің әр гектарына бөлінетін демеу қаржы жүйесі әуелі тоқтатылып, кейін салаға жаңа министрдің келуімен қайта жанданған. Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің мәліметінше, биыл диқандарға үкімет тарапынан 4 миллиардтан астам теңге  бөлінбек. Қазір  шаруалардан өтініш қабылдануда. Бірақ кейбір ауыл шаруашылық тауар өндірушілер субсидия ала алмауы мүмкін, - дейді басқарма өкілдері. Себебі биылғы қаңтарда субсидия қағидаттарына, нақтысы, кейбір тармақшаларына өзгеріс енгізілген. Соған сәйкес бидай тұқымын жаңартпаған және сатып алмаған шаруалар қаражаттан қағылады. 

Думан Базарбаев, Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

Оларға 2 талап бар. Біріншіден, олардың тұқымдары 3-ші репродукциядан төмен болмауы керек. Екіншіден, міндетті түрде сорт жаңарту дейді ғой. Облыстық әкімдіктің қаулысымен бектіліген нормативтері бар. Соған сәйкес шаруалар гектарына байланысты тұқым сатып алуға міндетті. Тұқым 1-ші репродукциялы болуы шарт. Енді осы мәселе қиындық туғызайын деп отыр.

Заңғар САНАЙ