$498.34 €519.72 ₽4.85
×

2700 қазақстандық «Қазатомөндіріс» акцияларын сатып алды

AstanaTV
14.11.2018ж. 20:00
2869
2700 қазақстандық «Қазатомөндіріс» акцияларын сатып алды

«Эйр Астана» IPO-ға келесі жылы бір-ақ шығады. Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов осылай,-деді. Бүгін Президент биржадағы сауда-саттықтың ашылуына арнайы қатысты. Кеше саудаланған «Қазатомөндіріс» компаниясының акцияларын бүгін брокерлер алғаш рет Лондон биржасына шығарды. Бұл ұлттық компанияға, жалпы экономкаға қалай әсер етеді? Мөлдір Бақытқызы тарқатады.  

Дабыл қағылды. Акциялар халықаралық биржаға саудаға шықты. Президентті Қайрат Келімбетов, Ғалымжан Пірматов, «Astana Iternational Exchange», яғни, Астана биржасының басшысы Тим Беннет құттықтап жатыр. Әйгілі Wall Street -гідей көрініс енді көз алдымызда,-деді Назарбаев. Уран қоры бай, өндірісі тұрақты компания акцияларына сұраныс болжағаннан екі есе көп болды. 39 млн-ға жуық акция 451 млн долларға сатылды. Ал, 769 млн долларға өтініш түскен.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Теперь наша задача - чтобы меньше было Правительства в экономике и добиться того, чтобы Правительство могло управлять не более чем 15% экономики. Казахстан занимает первое место в мире по добыче урана. На долю нашей страны приходится 20% мирового рынка урана. Поэтому интерес к акциям этой компании в мире огромен, и спрос будет только расти.

Ұлттық компания 15 пайыз үлесін жекеменшікке сатты. Енді тапқан табысын дивиденд ретінде үлеркелермен бөлісуі тиіс. Олардың алдында есеп береді. Кіріс-шығысын түгел көрсетеді. Қайрат Келімбетов осы шарттар орындалмаса, «Қазатомөндіріс» басшылығы Лондон сотымен жазаланады,-деді. IPO-ның ашықтыққа тәрбиелейтін тұсы осы болса керек.   

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХҚО БАСҚАРУШЫСЫ:  

Енді компанияның әр қадамы инвесторлардың, заң өкілдерінің жіті бақылауында болады. Меншік иесі ретінде олардың хақы бар. Сәйкесінше, кез келген ұжымдық басқару шарттарының бұзылуы Лондонда да, бізде де қайғылы жайттарға әкелетін сотпен аяқталуы мүмкін. Бұл бізді тәртіпке шақырады.

Тағы бір пайдасы қазақстандық құнды қағазды әлемдік беделді компания қызығып алса, ол өзге инвесторлар алдында абырой. Яғни, ел қаржы құюға болатын сенімді, тұрақты экономикасы бар дегенді білдіреді. Негізі Үкімет «Самұрық-Қазына» қарамағындағы компанияларға IPO-ға 25 пайыз акция шығаруға рұқсат берген. Бірақ, «Қазатомөндіріс» 15 пайызбен шектелді. 

Ғалымжан ПІРМАТОВ, «ҚАЗАТОМӨНДІРІС» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Сейчас «СК» продал 15 процентов. В ближайшее время нету намернии продавать дополнительно какие-то акции.

Кеше компанияның бір акциясы 11,60 доллар немесе 4 343 теңгеге белгіленіп, 451,3 миллион АҚШ долларына сатылды. ІРО-ға 49 шетелдік, 16 отандық заңды тұлға және Қазақстанның 2700 азаматы қатысқан. Брокерлердің мәліметінше, акцияның басым бөлігін Зейнетақы қоры сатып алыпты. Енді биржада бір күннің ішінде 200 теңге қосып саудаланып жатыр.  

Талғат КАМАРОВ, БРОКЕР: 

Основной спрос был от международных инвесторов. Более 47 процентов это казахастанские инвесторы. Большой пакет своей заявкой принимал участие ЕНПФ.

Негізі биыл екі бірдей ұлттық компания халықаралық биржаға шығады деп күтілген. Бірақ, «Эйр Астана» келесі жылға қалғаны бүгін белгілі болды. Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов 15-18 ай көлемінде «ҚазМұнайГаз» IPO-ға қатысады,-деді. 

М. Дюсекина