Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Британдық министрлер кабинеті «Brexit» келісімі жобасының мәтінін мақұлдады

AstanaTV
15.11.2018ж. 20:00
2194
Британдық министрлер кабинеті «Brexit» келісімі жобасының мәтінін мақұлдады

«Брексит» келісімінен тағы бір британдық министр қызметінен кетті. Ол Еңбек және зейнетақы жөніндегі министр Эстер Маквей. Бүгін ол министрлер кабинетінін шығатынын Тереза Мэйге хабарлағанын «Твиттерде» жариялады. Ол соңғы үш тәулікте қызметінен кеткен үшінші шенеунік. Британдық министрлер кабинеті «Brexit» келісімі жобасының мәтінін мақұлдаған болатын. «Associated Press»-тің хабарлауынша, бұл жиын бес сағатқа созылыпты. Ұлыбритания премьері Тереза Мэй келісілген нұсқаның жан-жақты жетілдірілгеніне сенім білдірді. 585 беттен тұратын жаңа құжатта «Брекситтен» кейінгі өтпелі кезең, Еуроодақ пен Ұлыбритания азаматтарының құқығы мен әлеуметтік төлемдер, Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекара жайы да қамтылған. Еуропарламент те «Брексит» келіссөздерінің алға ілгерілегенін құптап отыр. Енді Ұлыбритания мен Еуроодақты біржола бөліп-жару үшін бұл келісімді Еуропарламент қолдауы керек.  

Е.Карин